kvar@ukcp.kz +7 (7232) 29-33-75
Іздеу
Kz

Инвесторларға арналған ұсыныстар

Басты бет-Компания туралы- Инвесторларға арналған ұсыныс

Қазіргі уақытта біздің кәсіпорын босатылған өндірістік қуаттарды жүктеу және қосымша пайда алу мақсатында жалпы машина жасау немесе басқа мақсаттағы қызметтер мен өнімдерге сұранысты зерттеп, өңірімізде ұзақ мерзімді негізде өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыра алатын сенімді және перспективалы серіктесті белсенді іздестіріп жатыр.

Қазіргі кезеңдегі зауыттың мүмкіндіктері:

1. Негізгі сипаттамалары бар № 2 өндірістік корпус:

  • корпустың панорамасы және жоспар-сызбасы

2. Өндірістік алаң – 15383 м2.

3. Жабдық

  • жүк көтергіш – жүк көтергіштігі 3 тонна ілмелі кран-арқалықтар бір аралыққа 2 данадан

4. Инженерлік коммуникациялар

  • жалпы қуаты 4000 кВА 2 жиынқытқы трансформаторлық қосалқы станция арқылы 6/04 кВ электрмен жабдықтау;
  • сумен жабдықтау – диаметрі 150 мм болатын 2 кірісті өз бастоғанынан сақиналық сызба бойынша, желідегі қысым 2,2 атмосфера;
  • кәріз жүйесі – диаметрі 250 мм 2 шықпасымен меншікті тазарту құрылыстарына төгетін өндірістік және диаметрі 200 мм 2 шықпасымен қалалық шаруашылық кәріз желілеріне ағызылатын шаруашылық кәріз жүйесі;      
  • зауыттың жеке АТС арқылы телефон байланысы.

Өңіріміздің өнеркәсіп дамуының перспективаларын, мемлекеттік бағдарламалар мен бизнес-жобаларды ескере отырып, біздің зауытпен бірлесіп жаңа кооперацияланатын өндірістік байланыстарды құруға қатысуды ұсынамыз.

Кез келген бірлескен жобамен жұмыс істеуге қуаныштымыз және ұсыныстарыңызды күтеміз.