Өнімді неғұрлым тиімді пайдалану үшін «ӨКЗ» ЖШС өз тұтынушыларына қызметтердің келесі толық кешенін ұсынады:
Электр қуатының сапасын өлшеуді жүргізе отырып, 0,4-750 кВ кернеу желілері мен қосалқы станцияларын тексеру (кернеу деңгейі, жоғары гармониканың болуы, cos φ);
Өтемдеуіш құрылғыларды қолдану жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
Жобалау жұмыстарын орындау және жабдықтарды жеткізу;
Монтаждау, баптау, пайдалануға беру және персоналды оқыту.
Сервистік қызмет. «ӨКЗ» ЖШС сервистік қызметі конденсаторлық жабдықты пайдалануға байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі. Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: +7 (7232) 29-33-75 (қабылдау бөлмесі), 29-33-95 (техникалық бөлім).
«ӨКЗ» ЖШС өнімдерін қолдану:
электр қуатының жоғалуын азайтуға;
сапасын арттыруға;
энергетикалық ресурстарды барынша пайдалануға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Тәжірибеміз энергияны үнемдейтін жабдықты қолдану арқылы электр қуатын төлеуге және желілерді ұстауға жұмсалатын қаражатты 30%-ға дейін үнемдеуге болатындығын растайды.