Зауытта тексеру зертханасын құрудың негізгі мақсаты тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін өлшеудің жосықсыз нәтижелерінің салдарларынан қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ электр шамаларын өлшеу құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау, және растау болып табылады.
Тексеру зертханасы Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сәйкестігіне аккредиттелген. Аккредиттеу аттестаты
28.09.2016 ж. № KZ.П.07.1789.
Сәйкестікті бағалау объектілері бекітілген аккредиттеу саласына сәйкес өлшеу құралдары болып табылады.
Өлшеу құралдарын тексеру Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне бекітілген және енгізілген Тексеру әдістемелерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тексеру зертханасының қызметкерлері – мерзімді аттестаттаудан өтетін және метрологиялық қамтамасыз ету саласында өздерінің кәсіби деңгейін арттыратын білікті мамандар.